Атырау соты бұрынғы әкім Рысқалиевтің қылмыстық тобының ісі бойынша сотталғандардың апелляциясын қарастыру күнін атады

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау соты бұрынғы әкім Бергей Рысқалиевтің тобында болған бұрынғы лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлердің апелляциясы қарастырылатын күнді атады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«2015 жылдың 2 ақпанында Атырау облыстық сотының апелляциялық алқасы соттың қылмыстық іс бойынша үкімімен келіспей берілген барлық апелляцияларды қарастыруға кіріседі. Процесс жергілікті уақыт бойынша сағат 10-да, Атырау облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында өтеді», - деп ақпараттандырды баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы 14 қарашада Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында бюджеттік қаржыны талан-таражға салды және қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталушы Атырау облысы әкімдігінің бұрынғы бір топ лауазымды тұлғалары мен кәсіпкерлеріне қатысты сот үкімі жарияланды.

Сот оларды ұйымдасқан қылмыстық топты құру, бюджеттік қаржыны талан-таражға салу, жалған кәсіпкерлікпен айналасу, пара алу, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, алаяқтық, қызметтік жалғандық жасау баптары бойынша кінәлі деп тауып, әр түрлі мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасын тағайындады.

Үкімге сәйкес, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Болат Даукенов - 5 жылға, облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар Әбдіров - 12 жылға, құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан Кенжебеков - 8 жылға, энергетика басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан Жайсаңов - 7 жылға, Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов - 3 жылға, «Госэкспертиза» РМК директорының бұрынғы орынбасары Ұлан Құралбаев - 7 жылға, «Госэкспертиза» РМК-нің бұрынғы директоры Тұрланбек Жиенбаев - 8 жылға, кәсіпкер Александр Корецкий - 11 жылға, құрылыс басқармасы бастығының бұрынғы орынбасары Ибрагим Амиров - 4 жылға, «Азия Маркет С» ЖШС-нің бұрынғы диреторы Қайырғали Қадыров - 2 жылға, «Строй ЛТД» ЖШС-нің бұрынғы директоры Эдуард Дурманов - 5 жылға, «Жолаушылар лизингтік вагон компаниясының» бұрынғы жетекші инженері Азамат Құрмантаев - 7 жылға, «Арқайым-2005» ЖШС-інің бұрынғы директоры Александр Кузема - 7 жылға, облыстық қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан Жантеміров - 4 жылға, «Батыс Транспорт Сим» ЖШС-нің бұрынғы директоры Рахметолла Алшенов - 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот барлық сотталғандардың дүние-мүлкін тәркілеп, әр түрлі мерзімге кәсіпкерлік және мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан айырды.

Сотталушылардың көбі сот үкімдеріне кассациялық шағымдарын берді. Қорғаушылар қамқорлығындағы тұлғаларды кейбір баптар бойынша ақтауды немесе олардың айыптарын жеңілдетуге ауыстыруды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар