«Атырау су арнасының» басшысы қамауға алынды

«№2 Атырау қалалық сотының тергеуші судьясы облыс бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті аға тергеушісі күдікті А.Талшыковке қатысты кепілдіктен 2 ай мерзімге қамауға алу туралы» бұлтартпау шарасына өзгеріс енгізу туралы өтінішін қарады», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, ведомство оның 2015 жылдың қаңтар айынан қазіргі уақытқа дейін Ресей Федерациясының Астрахань қаласы бағытына 50 рет шыққанын хабарлады. Күдіктінің жеке бизнесі мен «қылмыстық жауапкершіліктен қашу мақсатында тұрақты тұрғылықты жері болуы мүмкін» Астраханьда бірқатар жылжымайтын мүлік нысандары бары анықталды, деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметі.
А.Талшыковқа қатысты сот қаулысына сәйкес, 2017 жылдың 19 қазанынан 19 желтоқсанына дейін қамауға алу санкциясы жарияланды.