17:31, 13 Қараша 2012 | GMT +5
Атырау тұрғындары БҚО-да балықпен ұсталды
ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - 9 қараша күні табиғат қорғау және жол полициясы қызметкерлері «Көшім» бекетінде Атырау қаласының тұрғындары айдап келе жатқан екі «Газель» автокөлігін тоқтатқан.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, аталмыш автокөліктердің қара балықты ешқандай құжатсыз алып келе жатқандығы анықталды. Қос көліктен 3 мың келіден балық алынды.