Атырау тұрғыны Теңіз кенішіне жұмысқа тұрғызам деп 6 адамнан ақша алған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласының тұрғыны маңғыстаулықты Теңіз кенішіндегі мекемеге жұмысқа орналастырамын деп алдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, атыраулық 31 жастағы тұрғынның алаяқтықпен байланысты 6 дерекке қатысы болған.

«Маңғыстау облысының Бейнеу аудандық полиция бөлімінен 8 қарашада Атырау қалалық полиция басқармасына алаяққа алданған тұрғындардың іс-құжаттары түсті. Жәбірленушілердің барлығы Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы ірі мекемеге жұмысқа кірмек болған. Оларды жұмысқа орналастырып беремін деп алдаған Атырау қаласының 31 жастағы тұрғыны әр түрлі соммадағы ақшаны өзінің есепшотына аудартып алған. Атыраулық полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, оны ұстады. Тергеу кезінде күдіктінің осындай 6 дерекке қатысы бары анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ұсталған алаяққа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3 бөлігімен (алаяқтық) қозғалған қылмыстық іс тіркелді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау полицейлері өзгенің атынан онлайн несие рәсімдеген күдіктіні ұстаған болатын.


Соңғы жаңалықтар