Атырау тұрғыны жұмысқа орналастырамын деп 14 адамды алдап кеткен

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында Атырау тұрғыны жұмысқа орналастырамын деп 14 адамды алдап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қазіргі кезде ҚР ҚК 190-бабы 3-бабына (ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Атыраулық 1993 жылғы әйел БҚО аумағында тұрғындарға жұмысқа орналастырамын деп уәде еткен. Сөйтіп олардың әрқайсысынан 50 мың теңгеден жымқырған. Осылайша 14 тұрғын не жұмыс жоқ, не ақша жоқ, жер сипап қалған. Олар полицияға жүгінгеннен кейін алаяқ қолға түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да баукеспе ұрының жәбірленушілерге 7 млн теңге залал келтіргенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар