Атырау тұрғынының қолында отты шам жарылып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау тұрғынын отты шамның  жарылуы салдарынан үшінші деңгейдегі күйік шалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырау тұрғынының қолында отты шам жарылып кетті

«Оқиға Паровозников көшесіндегі жеке үйде болған. 1974 жылғы ер адам отты шаммен (паяльная лампа) жұмыс істеп жатқан. Қандай да бір себеппен оның қолындағы шам  жарылып кеткен. Оны күйік шалып, облыстық аурухананың травматологиялық бөліміне түсті», - деп хабарлады Атырау облыстық ТЖД-да.

Дәрігерлердің ақпараты бойынша, ер адамның денесінің 16-18 проценті күйген.