Атырау және Ақтөбе облыстарында күн бұзылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау және Ақтөбе облыстарында күн бұзылады

24 сәуірде Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

24 сәуір күндіз Атырау қаласында солтүстік-батыстан соққан күшті жел оңтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

24 сәуір күндіз Ақтөбе облысында батыстан және оңтүстік-батыстан екпінді жел соғады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с болады.

Ақтөбе қаласында батыстан жел соғады. күші - 18 м/с.