18:17, 18 Мамыр 2009 | GMT +5
Атырау және Астрахан облыстары арасында Қазақстан-Ресейдің мемлекеттік шекараларын межелеу басталды
АТЫРАУ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда Мемлекеттік шекараны межелеу бойынша бірлескен Қазақстан-Ресей комиссиясы жұмысын бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Комиссия межелеу жұмыстарын бастау үшін соңғы құжаттарды даярлауы қажет. Ол Қазақстанның Атырау облысы мен Ресейдің Астрахан облысы арасындағы шекарада мамырдың 23-інде басталады. Бұл жерде алғашқы шекаралық белгі орнатылады.Ресей делегациясының жетекшісі ? Төтенше және Өкілетті Елші Владимир Волковтың айтуынша, «бұл оқиға орасан саяси және тарихи мәнге ие. Екі елдің көпғасырлық өзара қарым-қатынастарында алғаш рет жер-жерлерде шекараны бойлай меже белгіленетін болады. Елтаңбамен, Тумен және Әнұранмен қатар тәуелсіз мемлекеттің нышаны болып табылатын шекара белгілері орнатылады».
Қазақстан делегациясының жетекшісі ? Төтенше және Өкілетті Елші Вячеслав Ғиззатовтың айтуынша, «ҚР мен РФ арасында ешқандай даулы мәселе жоқ, олардың барлығы да 2005 жылы аяқталған шекараны межелеу үдерісінде шешілген болатын. Сондықтан межелеу өзара толық түсіністік рухында жүргізілуде». Атырау және Астрахан облыстары арасында Қазақстан мен Ресейдың ұзындығы 239.6 шақырым шекарасы межеленіп, қадасы қағылады.