Атырау ЖЭО электр қуатын өндірудің жоғары көрсеткішіне қол жеткізді

АТЫРАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - 2010 жылы үш бірдей жаңа турбина іске қосылған Атырау жылу-электр стансысы электр қуатын өндірудің жоспарланған көрсеткішіне шықты.
None
None

Жаңажылдық мереке күндері 220 мегаватт/сағат қуат тіркелді.

«Атырауда бұрын-соңды мұншалықты электр қуаты өндірілмеген. Біздің жылу-электр орталығының ең жоғары қуаты 215 мегаватты құрайды, соның өзінде біз ең ары кеткенде 205 мегаватт қуат өндіретінбіз. Биыл Жаңа жыл күндері электр қуатының тұтынысы күрт өсіп, біз ресейлік және маңғыстаулық энергетиктердің көмегінсіз, олардың сұранысын қамтамасыз ете алдық. Себебі жаңа үш турбина іске қосылғалы бері жылу-электр орталығының қуаты 290 мегаватқа жетті», - деп хабарлады «Атырау ЖЭО» акционерлік қоғамының президенті Мұхамбетқали Қалиев.

"Облыстың электр қуатына деген қажеттілігі жай күндері 205-206 мегаватты шамалайды", - дейді мамандар.

Соңғы жаңалықтар