Атырауда 1 млрд текше метр газды кешенді дайындау қондырғысы салынып жатыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 1 млрд текше метр газды кешенді дайындау қондырғысы салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Қондырғы құрылысы Атырау қаласынан 60 шақырым қашықта, Мақат ауданында қолға алынған. Онда Каспий теңізіндегі «Қашаған» кен орнынан өндірілетін 1 млрд текше метр газды кешенді дайындау жоспарланған.

«Қазір Ескене елді мекенінің маңында орналасқан нысан құрылысын «GPC Investment» ЖШС жүргізуді қолға алды. Құрылыс жұмыстарына 2 500 адам тартылды. Жоба іске қосылған кезде 450 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Құрылыс жұмыстары 2023 жылы аяқталады», -деп мәлім етті Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкин.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында алдағы жылы жел электр стансасы іске қосылатынын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар