Атырауда 10 қабатты үйдегі өрт бір сағатта сөндірілді

None
Атырау ТЖД
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 10 қабатты үйдегі өрт бір сағаттан соң сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментіі қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, өрт​ 5 мамырда жергілікті уақытпен сағат 19:22-де тұтанған.

«Атырау қаласының Махамбет Өтемісов көшесінде орналасқан 10 қабатты «Лагуна» атты тұрғын үй кешенінің​ шатыр бөлігінен өрт шықты. Үйдің шатырының жалпы ауданы – 1500 шаршы метр. Жалын шатырдың 200 шаршы метр аумағын шарпығаны анықталды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп,​ жалынды сөндіру жұмысына кіріскен. Тұрғын үй кешенінің шатырын шарпыған өрт бір сағатта толық сөндірілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Жалынды сөндіруге Атырау облыстық ТЖД және МЕӨҚҚ күш-құралдарынан 50 адам мен 11 техника жұмылдырылды.

«Өрт қауіпсіздік ережесіне немқұрайды​ қараудан тұтанады. Сондықтан Атырау облысының тұрғындары мен қонақтарынан әсіресе тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды өтінеміз», -деп мәлім департаменттің қоғаммен байланыс тобынан.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры жанып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар