Атырауда 12 күнде 1000-ға жуық адам вакцина салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 12 күнде 1000-ға жуық адам екпе алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, 1-12 ақпан аралығында 983 медицина қызметкері коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырған.

«Оның ішінде аудандардағы емдеу мекемелерінің 273 қызметкері бар. Қалғаны – Атырау қаласында екпе алғандар. Вакцина алған медицина мамандарының денсаулық жағдайы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеді» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өңірде қауіпті вирусқа қарсы вакцинаны арнайы ашылған 24 орында салу жалғасып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бес күнде 800-ге жуық медицина қызметкері вакцина алған болатын.


Соңғы жаңалықтар