08:29, 24 Мамыр 2020 | GMT +5
Атырауда 140 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 140 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында 42500 теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек 140 831 адамға берілген.
«Ал, Вirgemiz-Atyrau» қоғамдық қорына 525,6 млн теңге жиналды. Бұл қаржыдан әлеуметтік әлсіз топ санатына жататын 10 512 адам 50 мың теңгеден көмек алды», деп мәлім етті өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Сондай-ақ, карантин енгізілуіне байланысты 4 835 отбасыға да көмек көрсетілген. Оның ішінде, жалғыз басты қарттар, тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар бар.