Атырауда 16 мигрант көпқабатты үйдің құрылысына заңсыз тартылған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 16 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде «Заңсыз келуші-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шара кезінде Атырау қаласында орналасқан «Кәусар» тұрғын үй кешенінің құрылыс аумағында жұмыс істеуге арналған рұқсат қағаздарын рәсімдемей, заңсыз қызмет еткен шетелдіктер анықталды. Қазір Өзбекстан Республикасының 16 азаматы жеке басы анықталғанға дейін Атырау қалалық полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 61 шетелдік елден шығарылған болатын.


Соңғы жаңалықтар