Атырауда 2 адам балық жүретін арықтағы шлагбаумға соғылып опат болды

Атырау.14 наурыз.ҚазАқпарат - Атырау облысында бүгін таңертең Жайық өзенінде екі адам опат болды.
None
None

Қайғылы оқиға «Ақжайық» табиғи қорығының аумағында болды. «Пегас» әуе жастығындағы кеме Каспий теңізі жағына мұз үстімен қозғала отырып, балық жүретін арықтардың бірінде орнатылған шлагбаумға соғылды. «Пегас» жүргізушісі және жолаушысы оқиға орнында қаза болды.

Мәлім болғандай, бұл арық кеме жүзетін жер емес, бір жағадан екінші жағаға дейін шлагбауымды резерваттың қызметкерлері браконьерлер жүрмес үшін орнатқан. Істі тергеумен Көлік прокуратурасы айналысуда.

Соңғы жаңалықтар