Атырауда 2 жүргізуші BMW көліктерімен жарысып, жол ережесін бұзған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда 2 жүргізуші BMW көлігімен жарысып, жол ережесін бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Бұл туралы әлеуметтік желіде видео тараған. Осыған орай полиция қызметкерлері BMW көліктерімен жол ережесін бұзған жүргізушілерді анықтады.

«Полиция қызметкерлері 8 мамырда сағат 11:30 шамасында Атырау қаласының Сатыбалдиев көшесі бойында жол ережесін бұзған 1988 және 1996 жылғы жүргізушілерді анықтады. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 595-бабының 1-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзу) және 599-бабының 1-бөлігімен (Бағдаршамның тиым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тиым салатын қимылына қарамай өту), сондай-ақ 630-бабының 1-бөлігімен (Жол құрылыстарын бүлдіру) хаттамалар толтырылды»6 -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ал, 1996 жылғы жүргізушіге бұдан басқа ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 476-бабының 1-бөлігімен де әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданған.


Соңғы жаңалықтар