Атырауда 25 жастағы келіншек кішкентай қызымен бірге жоғалып кетті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 25 жастағы әйел 3 жасар қызымен бірге жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрманғазы ауданында тұратын Юлиана Александрова 30 қаңтарда жоғалып кеткен.

Қасында 3 жасар қызы Айзере Ақжігітова болған.

«Олар 30 қаңтарда Атырау қаласындағы «Өркен-1» шағын ауданын шығып, «Вокзал маңы» шағынауданына кеткен. Содан бері тұрғылықты мекенжайына оралмаған» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан Атырау облысында 60 жастағы ер адам жоғалып кеткенін хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар