Атырауда 28 комммуналдық меншік нысаны жекешелендіріледі

«Нысандарды жекешелендіру бюджетті толықтыруға мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, жаңа меншік иелері тың идеяларымен келеді, өздерінің жұмысын жетілдіріп, қызмет аясын кеңейте отырып, кәсіпорындардың дамуына көмектеседі. Оның үстіне жеке бизнеске мемлекеттің араласуы шектеледі. Бұл яғни, төршешілдік кедергілер болмайды деген сөз», - деді облыстық қаржы басқармасының бастығы Серік Демегенов.
Атырауда жекешелендірілетін нысандардың алғашқыларының қатарында облыс әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау, білімін көтеру және тілдерге оқыту өңірлік орталығы» ҚМКК, «Білімдегі жаңа технологиялар орталығы» ҚМКК, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі жанындағы «Мұнайшы» спорт кешені» ҚМКК, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының «спорттық ойын түрлерінен «Атырау барысы» облыстық командасы» және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар бар.