Атырауда 3,5 тонна ресейлік тауық еті сатудан алынып тасталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті 3,5 тонна ресейлік тауық еті өнімдерін сауда желілерінде сатудан алып тастады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне ведомствоның баспасөз қызметі.
None
None

«Идеал маркет» ЖШС және «Рамстор Қазақстан» ЖШС АФ супермаркеттер желісі құс еті өнімдерін сатып алған болатын. Сараптама барсында өнім Кеден одағы 022 «Тамақ өнімдерін таңбалау» техникалық реглпаменті талаптарына сәйкес еместігі анықталды. «Майкоп құс комбинаты» ЖАҚ «Благояр» өндірісінің құс еті және «Уралбройлер» ЖАҚ тартылған еті, сондай-ақ «Даль-Кама» ЖШҚ «Никола» өндірісінің бройлер балапандары еті орамдарында мемлекеттік тілдегі аудармасы жазылмаған. Сауда желілерінің басшыларына өнімдерді сауда айналымынан шығару жөнінде санитарлық ұсынба берілді. Барлығы 3500 келі өнім сатудан алынып тасталды», деп хабарлады Атырау облысы тұтынушылар құқығын қорғау департаментінен.

Соңғы жаңалықтар