10:09, 22 Сәуір 2013 | GMT +5
Атырауда 3 мың түп көшет отырғызылды
АТЫРАУ. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Атырау қаласында «Жасыл жапырақ» бастамасының шеңберінде демалыс күндері 3 мың түп көшет отырғызылды.
Облыстың жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың, «ААА» еріктілер ұйымының, «Ақ Желкен» шығармашылық орталығының өкілдері және қаладағы жастар қолдарына еңбек құралдарын алды.
Еріктілер жасыл желек жайқалғанша оларды күтіп-баптайтын болады.