22:31, 27 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Атырауда 4 мың адам «Атамекен» әнін орындады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Рухани жаңғыру» аймақтық жобалық кеңсесі «Қоғам санасын жаңғырту» бағдарламасы аясында облыстың 4 мыңға жуық тұрғынының қатысуымен ауқымды шара ұйымдастырды.
Облыстың қарапайым халқынан, солардың ішінде студенттер мен өзге де жастардан құралған хор бір мезгілде «Атамекен» әнін орындады.


Сондай-ақ әнді орындауға Лондон, Санкт-Петербург, Түркия, Польша, Литва, Латвия, Финляндия және АҚШ-та білім алып жатқан атыраулық студенттер мен еңбеккер жастар қосылды.