09:31, 04 Шілде 2020 | GMT +5
Атырауда 42 көшеге жол салынады
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласындағы «Береке» ықшамауданының 42 көшесіне жол салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандарының түсіндіруінше, аталған жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 1,67 млрд теңге бөлінген.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 19,3 км жаңа жол салынғалы отыр. Жақын арада жол құрылысын жүргізетін мердігер мекеме анықталады. Сонан соң, жол салу жұмыстары басталады. «Береке» ықшамауданының 42 көшесіне салынатын жол екі жолақты болады. Ал, жолдың ені – 6 метр», - дейді Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мамандары.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда апатты үйдің тұрғындары жаңа пәтерге ие болды.