Атырауда 480 жасөспірім 5 күн бойы оқу-жаттығу жасақтарында әскери өмірмен танысты

АТЫРАУ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында 480 жасөспірім қатысқан оқу-жаттығу жиындары аяқталды.
None
None

5 күн бойы жаттығулар өткен «Тұлпар» сауықтыру лагерінде олар әскери өмірмен танысты. Болашақ Отан қорғаушылар бұл жерде жауынгерлік өнер шеберлігімен танысты - ұрысқа кірісудің теориялық және тәжірибелік жақтарын және тәсілдерін игерді.

Облыстық білім беру басқармасының алғашқы әскери дайындық, спорт және әскери-тәрбие жұмыстары жөніндегі бас маманы Ерболат Дәулетқазиевтің айтуынша, оқу-жаттығу жұмыстары аяқталған соң бірқатар жастар болашақта Қазақстанның жоғары әскери оқу орындарына түсуге деген ниеттерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар