Атырауда 8 наурызда 18 сәби өмірге келді

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 8 наурызда 18 сәби өмірге келді. Оның ішінде 10 ұл, 8 қыз бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, сәбидің дені Атырау қалалық перзентханасында жарық дүние есігін ашқан.

«Мұнда 8 ұл мен 3 қыз, оның ішінде бір егіз өмірге келді. Облыстық перинаталдық орталықта 5 қыз бен 2 ұл ата-анасын қуанышқа бөледі. Нәрестелердің салмағы әр түрлі. Қалалық перзентханада нәрестенің бірінің салмағы 4 280 келіні құрады. Ал, ең аз салмақ – 2 800 келі», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда дәрігерлер жағдайы нашарлаған жүкті әйелге сәтті ота жасағанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар