Атырауда 8 жастағы қыз коронавирустан жазылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда 8 жастағы қыз коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 8 жастағы қыз коронавирустан жазылды

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, бүгін 6 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан. Оның арасында 8 жастағы қыз бар.

«Теңіз кенішінің 23, 24, 26, 29 және 61 жастағы 5 жұмысшысы коронавирус инфекциясынан жазылды. Ал, 6- пациент –Махамбет ауданында тұратын 8 жастағы қыз. Қазір олар өздерін жақсы сезінеді. Олардан алынған бақылау тестті теріс нәтиже көрсетті» -деп хабарлады өңірлік жедел штаб.

Бүгін, 18 мамырда Атырауда қауіпті індеттен жазылған пациенттер саны 171-ге жетті.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір тәулікте 86 адамнан коронавирус табылғанын жазған едік.