14:24, 25 Қараша 2011 | GMT +5
Атырауда 90 мың шаршыметр несиелік және жалдамалы тұрғын үйлер салынады
ЫРАУ. 25 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов / - Атырауда 2012 жылы несиелік және жалдамалы үйлердің құрылысы жалғасады.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, келесі жылға дейін тұрғын үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Жалпы аумағы 90 мың шаршыметрді құрайтын 28 көппәтерлі үйлер тапсырылады.
«Жалдамалы және несиелік тұрғын үйлер салынатын болады, жаңа үйге қоныстану «Тұрғынүйқұрылыс жинақ банкі» арқылы жүзеге асырылады. Жалпы, тұрғын үй құрылысы бағдарламасы 2014 жылға дейін жоспарланған», - деп хабарлады әкімшіліктің баспасөз қызметі.
Жаңа құрылыс апатты жағдайдағы бұзылатын үйлердің орнына салынады. 2012 жылға қарай жалпы аумағы 90 мың шаршыметрді құрайтын 28 көппәтерлі үйлердің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.