09:57, 16 Қараша 2011 | GMT +5
Атырауда 95 отбасы ескі үйден жаңа үйге қоныс аударды
ЫРАУ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау қаласында 95 отбасы құлатуға жататын ескі үйден жаңа үйге қоныстанды.
7 үй бұзуға жатқызылды, олардың тұрғындары жаңа үйді алу үшін кезекте 20 жылдан астам тұрған болатын. Қала әкімі Мереке Есмұратов жаңа үйдің кілтін табыстай отырып, ескі баспаналардың құлатылуы одан әрі жалғаса беретіндігін мәлімдеді.
«Ескі үйлерде тұрып жатқан барлық тұрғындар 2-3 жылдың ішінде жаңа үйге қоныстанады», - деді М. Есмұратов.