Атырауда акция барысында балалар Жайық өзеніне 10 мың бекіре шабағын жіберді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда акция өтіп, балалар Жайық өзеніне 10 мың бекіре шабақтарын өзенге жіберді.

«Биыл Жайық-Атырау бекіре балық шаруашылығы зауыты тоғанда 3,5 млн бекіре, қызыл балық, ақсерке шабақтарын өсірді. Шабақтарды өз арнамыз бойынша Жайыққа жібереміз. Бүгін тәрбиелеу мақсатында бұған тілек білдірген балаларды тартуды жөн санадық. Бұл идеямызды әкімдік қолдап, акцияға халықтың жиналуына жәрдемдесті», - деді зауыт басшысы Гильман Сәрсемалиев.

Бұл күні Жайық өзенінің маңына халық көп жиналып, мәре-сәре болды. Әсіресе, балаларға қызықты болды. Олар суда жүзген бекіре шабақтарын тамашалады. «Өте қызықты әрі танымдық мәні бар. Көптеген елде болсам да, мұндайды еш жерде көрмеппін. Бұл балық түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл балық тұқымы миллиондаған жылдардан бері тіршілік етеді, динозаврлар уақытынан бастап десе болады. Атырауда өскелең ұрпақты тартып, бірегей популяцияны сақтауға тырысып жатқаны қуантады», - деп өз әсерімен бөлісті Нидерландыдан келген эколог Фред Мюллер.

Соңғы жаңалықтар
telegram