Атырауда әкімдік шенеунігі істі болды

АТЫРАУ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Атырауда қалалық құрылыс бөлімінің бұрынғы бастығы Серік Сәдуақасовқа қатысты сотқа берілген істі тергеу аяқталды, деп хабарлады қаржы полициясы.
None
None

Енді бұрынғы шенеунік заңсыз жолмен алынған мүлікті заңдастыру, несиелік тұрғын үйді салуға берілген бюджет қаражаттарын жымқыру, аса ірі мөлшерде пара алғаны, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысқаны үшін жазаны көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің 4 бабымен айыпталуда.

Соңғы жаңалықтар