16:30, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Атырауда АҚТҚ вирусын жұқтырған екі адам анықталды
АТЫРАУ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында АҚТҚ вирусын жұқтырған тағы екі адам анықталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Облыстық ЖҚТБ орталығы зпидемиологиялық бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Омарованың айтуынша, анықталған екі адам да нашақорлар екен. Олар індетті өздеріне егу құралын бірге пайдалану салдарынан жұқтырыған. Облыстық ЖҚТБ орталығындағы тексеруден кейін, ауруды Алматылық мамандар да растады. Атырау облысы бойынша иммунитет тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны 71 адамға жетті.