20:41, 26 Ақпан 2021 | GMT +5
Атырауда Алғыс айту күні қарсаңында 33 медицина қызметкері марапатталды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Алғыс айту күні қарсаңында медицина саласының 33 қызметкері марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қаңтарда өткен сайлау кезінде ПТР-тест алуға қатысқан 33 медицина қызметкері облыс әкімінің Алғыс хатына ие болды.
«Сайлау өтерден бірнеше күн бұрын 42 анализ талдау пункті ашылды. Үш зертханада 5 мыңнан астам ПТР-тест өткізілді. Бұл жұмысты медицина қызметкерлері үлкен жауапкершілікпен атқарды. Алғыс айту күні қарсаңында сайлау кезінде сақтық шараларын ұйымдастыруға атсалысқан медицина қызметкерлеріне зор алғысымды білдіремін», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 70 медицина қызметкеріне «Халық алғысы» медалі тапсырылған болатын.