16:55, 05 Қаңтар 2009 | GMT +5
Атырауда алты мұз айдыны жұмыс істейтін болады
АТЫРАУ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ – Атырауда биылғы қыс айында алты мұз айдыны жұмыс істейтін болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Хоккей ойнауға және тек коньки тебуге арналған арнайы жабдықталған алаң облыс орталығының ірі шағын аудандарында орналасатын болады. Үш алаң қаңтардың 2-сінен бастап қоршалып, су жіберілді. Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағанындай, жабдықталған барлық айдындар жарықпен қамтамасыз етіледі, конькилерді прокатқа беру пункттері ашылатын болады.