17:08, 06 Шілде 2009 | GMT +5
Атырауда Астана күніне арналған байқаулар мен патриоттық әндер концерті өтуде
АТЫРАУ. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Қазақстанның елордасы - Астана күні барлық атыраулықтар үшін үлкен мерекеге айналды.

Байқаулар мен патриоттық әндер концерті, түрлі викториналар осы мейрамға арналып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ең үлкен концерт мұнайшылардың Мәдениет үйінде өтті, оған көптеген ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдері қатысты. Шырқалған әндер мен оқылған сөз маржандарында тек жас елорда ғана емес, барша Қазақстан мадақталды. Астана күні мерекесін тойлауға қала жұртшылығымен бірге көптеген аудандардың халқы да жиналды.