Атырауда ауа райының қолайсыздығынан Каспийде мұз құрсауында қалған балықшыларды құтқару жұмыстары ертеңге қалдырылды

ЫРАУ. 10 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда ауа райының қолайсыздығынан Каспийде мұз құрсауында қалған балықшыларды құтқару жұмыстары ертеңге қалдырылды, деп хабарлады Атырау облысы бойынша ТЖ департаментінің бастығы Болатбек Омаров.
None
None

Б.Омаровтың айтуынша, қатты жауған қар салдарынан тікұшақтар бүгін әуеге көтеріле алмады. Жауған қар толастамай тұрғандықтан Каспий теңізінің жағалау аумағында мұз құрсауында қалған балықшыларды құтқару жұмыстарын жұмаға дейін қалдыра тұру туралы шешім қабылданды.

«Өткен түні және бүгін біз балық қорғау шаруашылық өкілдерімен бірлесе отыра барлық балықшылар кооперативтеріне кіріп шықтық. Олардың айтуынша, олардың бірде бір қызметкері қазір теңізде жүрген жоқ. Бүгінгі күні ішінде туған туысқандардан жақындарының теңізден қайтпағаны туралы хабар түскен жоқ», - деді Б.Омаров.

Болжанып отырғандай, теңізде кәсіби балықшылар емес, браконьерлер болуы ықтимал. Әдетте олар жағалаудан шалғайда теңізде балық аулайды.

Соңғы жаңалықтар