Атырауда автожол құрылысы барысында адам сүйектері табылды

Белгілі болғандай үш адамның сүйегі 10 метр тереңдікте топырақ астынан шыққан. Айта кетсек, бұл жер қорымнан біраз қашықтықта орналасқан. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» автожолын қайта жаңарту жұмыстарының бас мердігері «СинеМидасСтрой» компаниясы өкілдері аталмыш оқиға тіркелген сәттен бастап, карьердегі барлық жұмыстарды тоқтатты. Сондай-ақ, мердігер компанияның басшысы карьер жұмысын басқа жерге ауыстыруды тапсырды.
Еске салсақ, карьердегі жұмысшылар адам сүйектері табылған сәтте мердігер мекеме «СинеМидасСтрой» басшыларына хабарламастан телефонға түсіріп әлеуметтік желіге жариялап жіберген болатын.
Құрманғазы ауданы әкімі Қайрат Нұртаев карьер басындағы жұмысшылармен әңгімелесіп, аталмыш жағдай кездессе дереу аудан әкімдігіне, «СинеМидасСтрой» компаниясы басшыларына хабар беруді ескертті.