Атырауда аялдаманы бүлдірген жасөспірімдер ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы аялдаманы бүлдірген жасөспірімдер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Instagram парақшасында екі жасөспірімнің Атырау қаласындағы аялдаманың бірінің қабырғасына жазу жазып, бүлдіргені туралы видео жарияланған болатын.

Жасөспірімдердің бұл әрекеті желі қолданушыларының ызасын тудырған.

«Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру іс-шарасын жүргізіп, қоғамдық орынды бүлдірген 15-16 жастағы екі жасөспірімді анықтады. Жасөспірімдердің айтуынша, 12 қарашада автобусты күту үшін аялдама ішіне кіріп, қабырғаға Instagram аккаунттарын жазған. Полицейлер жасөспірімдердің ата-аналарын шақырып, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 448-бабымен (Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар жасаған вандализм, яғни, мемлекет қорғайтын ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, жазулармен немесе суреттермен қорлауы сол сияқты өзге де қоғамдық орындарда мүлікті қасақана бүлдіруі) әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс-құжаттары облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, осындай теріс әрекеттің алдын алу үшін Атырау Бизнес және құқық колледжінің студенттеріне профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда колледжде оқитын үш қыз төбелесіп қалғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар