Атырауда «Аяз Ата» қайырымдылық жобасы басталды

АТЫРАУ. 7 қараша. ҚазАқпарат - Атырауда «Аяз Ата» қайырымдылық жобасы басталды.
None
None

Акцияға қатысушы еріктілердің негізгі міндеті - мүмкіндігі шектеулі балалардың жаңа жылды қарсы алуын барынша қызықты, әрі көңілді өткізуге көмектесу. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оларға 182 баланың тізімін берді. Еріктілер жаңа жылға дейін тізімде көрсетілген барлық балаларға жолығып, олардың Аяз Атадан жаңа жыл түні қандай сыйлық күтетіндерін анықтауы тиіс.

Осы айдың соңында қалада шырша тұрғызылып, оған балалардың суреті салынған және тілектері жазылған ойыншықтар ілінеді. Денсаулығына сызат түскен баланың арманын орындағысы келетін кез келген адам сиқыршы рөліне немесе Аяз Ата кейпіне ене алады. Ондай адамдар көп болады деп сенеді еріктілер. Бірақ қалай болғанда да ешбір бала сыйлықсыз қалмайды.

Соңғы жаңалықтар