08:15, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Атырауда Әзербайжан іздеу салған қару табылды
АТЫРАУ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысына қарасы Құлсары қаласында Әзербайжанның құқық қорғау органдары 20 жылдан бері іздеп келе жатқан қару табылды.
Облыстық ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарованың айтуынша, жедел-іздестіру шараларының барысында Құлсары қаласындағы тұрғынның үйінен «ТОЗ-8» қаруының 96 әскери оғы табылған. Үйді тінту барысында ішкі істер органдарында тіркелмеген бесатар мылтықтың өзі де табылады.
«Қазіргі уақытта басқа мемлекет 20 жылдан бері іздеген қарудың Атырау облысына қалай келгендігін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізілуде», - дейді Г.Мұхтарова.