19:12, 24 Наурыз 2013 | GMT +5
Атырауда әзірбайжан диаспорасы Наурызды мерекелеуде
АТЫРАУ. 24 наурыз. ҚазАқпарат - Атырауда Наурызды мерекелеуге «Новруз» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің өкілдері де белсене қатысуда.

Әзірбайжанның Наурыз мейрамы да осы күні мерекеленеді. «Новруз» этномәдени бірлестігінің төрағасы Эльдар Мамедовтың айтуынша, мерекеде ортақ нәрселер көп. Наурыз көже сияқты - довгу пісіреді. Әзірбайжандарда да жеті саны қасиетті, мерекеге осынша басты тағамдар даярланады.
Адамдар жақсы киініп, бірі-біріне қонаққа барады, жақындарына сыйлықтар тарту етеді.