Атырауда азық-түлік дүкені ретінде тіркелген букмекерлік кеңселер анықталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының Мақат ауданында букмекерлік кеңселер азық-түлік дүкендері ретінде астыртын жұмыс істеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырауда азық-түлік дүкені ретінде тіркелген букмекерлік кеңселер анықталды

«Облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы жүргізген рейд барысында ауданда заңсыз жұмыс істеп келген үш букмекерлік кеңсе анықталды. Оның иесі кеңсені азық-түлік дүкені ретінде тіркеп, ашқан. Алайда негізгі есік жабық болған, ойынханаға келушілер ішке құпия есік арқылы кірген. Тексеру барысында  кассирлерден   697 мың  840 теңгені құрайтын түрлі номаиналды ақша, сондай-ақ  16 лотереялық ойын терминалдары,  «Crown» маркалы 5 процессор, 5 термопринтер мен сканер, сондай-ақ интернетке кіру үшін модемдер тәркіленді», - деп хабарлайды ІІД-ның баспасөз қызметі. 

Аталған іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.