Атырауда балалар кітапханасының ғимаратын өрт шалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылында бір қабатты балалар кітапханасын өрт шалған.
None
None

Оқиға 23-сәуір күні орын алған. Жалпы аумағы 322 шаршы метрді қамтыған өрт ғимарат шатырынан басталған.

Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 17 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар
Референдум