14:55, 12 Ақпан 2011 | GMT +5
Атырауда банкке қарақшылық шабуыл жасаған тонаушы 9 жылға сотталды
АТЫРАУ. 12 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда сот банк филиалына қарулы шабуыл жасау ісіне қатысты үкім шығарды. Тонаушы 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Атырау облысының Мақат ауылындағы «Қазақстанның Халық банкі» АҚ филиалының тоналуы 2010 жылдың тамыз айында орын алды. Қара бетперде киіп, қолына аңшы мылтығын ұстаған белгісіз азамат күзетшіні залалсыздандырып, кассирлерді қорқыту арқылы 800 мың теңгеден астам ақшаны тартып алды. Одан кейін күзетшінің атыс тапаншасын тартып алып, ізін суытады.
Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы хабарлағандай, тонаушы Алматы қаласында құрықталды. Оны тұтқындау кезінде күзетшіден ұрланған тапанша оның қалтасынан табылды. Осы тапанша оның кінәсін айғақтайтын затты айғақ болды. Тергеу барысында ол істеген қылмысын мойнына алды. Осы үшін 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.