Атырауда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала мерт болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 5-қабаттан құлаған 4 жасар бала мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 10 қыркүйекте тіркелген.

«Жергілікті уақытпен сағат 19:30 шамасында көпқабатты тұрғын үйдің 5-қабатынан 2019 жылғы бала құлап кеткен. Балақай әртүрлі дене жарақатының салдарынан есін жимастан қайтыс болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.

Белгілі болғандай, баланың ата-анасы Атырау қаласының тұрғындары екені анықталған. Бұл отбасы Махамбет көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйде тұрады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында жыл басынан бері 7 бала жоғарғы қабаттан құлап, екеуі мерт болғанын жазған едік.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобынан мәлім еткендей, балалардың жоғарғы қабаттан құлау дерегі жиі тіркеліп отыр.

«Биылғы жыл басынан бері тұрғын үйлердің жоғарғы кәмелетке толмаған 7 баланың құлағаны туралы дерек тіркелді. Оның ішінде 2 бала мерт болды. Тұрғын үйдің терезесінен құлау дерегінің бірі 18 тамызда Атырау қаласында тіркеліп отыр. Департаменттің диспетчерлік пультіне кешкі сағат 20:15-те М.Әуезов көшесінде орналасқан 5 қабатты тұрғын үйден баланың құлағаны туралы хабар түсті. Ата-анасының қарауынсыз қалған 2 жасар бала 4-қабаттағы терезеден құлап кеткені анықталды», -деп мәлім еткен еді департаменттің қоғаммен байланыс тобы.


Соңғы жаңалықтар