Атырауда бейнебақылау камералары орнатылуда

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бейнебақылау камераларын сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырауда бейнебақылау камералары орнатылуда

«Қазіргі таңда жаңа 429 бейнебақылау камераларын сатып алу және орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бейнебақылаудың жаңа нүктелерін жабдықтау жұмыстары басталып кетті, бұл Жедел басқару орталығының қала аумағын қамтуын кеңейтуге мүмкіндік береді», деп хабарлады өңірлік ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда Атырауда 329 видеокамера бар, оның 72-сі жол қозғалысын, 38-і қоғамдық орындарды, 166-ы тұрғын үйдің аулаларын бақылайды.