Атырауда бейнекамера көмегімен 14 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бейнекамера көмегімен 14 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің

айтуынша, Атырау қаласының аумағында 759 бейнебақылау камерасы орнатылған.

«Бейнекамералар жедел басқару орталығына қосылған. Мұндағы жұмыс бір секундқа да

тоқтамайды. Барлық жедел ақпарат осында келіп түседі. Мәселен, быилығы жыл басынан бері бейнебақылау жүйесімен 300-ден астам қылмыс, 13 839 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ұрлық, ұсақ ұрлық, бұзақылық сияқты қылмыстар бар. Сондай-ақ, бейнебақылау камераларымен алкогольдік ішімдік ішіп, көлік тізгіндеу немесе көшеде, қоғамдық орындарда мас күйінде болу, темекі тұқылын, тұрмыстық қоқыстарды тастау

анықталды», - дейді жедел басқару орталығының бастығы, полиция подполковнигі Асқар Атамқұлов.

Жыл басынан бері жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларымен жол жүру

ережелерін бұзған 10 мыңнан астам жүргізуші, ұсақ бұзақылық дерегімен 3 606 адам

анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда ұрланған көлік 15 минутта иесіне қайтарылғанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар