Атырауда бір аптада Vero Cell вакцинасын 1,7 мың адам салдырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда бір аптада 1 700 адам Vero Cell вакцинасының І компонентін салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырау облысына Vero Cell вакцинасының 10 мың дозасы, кейіннен бір күнде екі түрлі вакцинаның дозалары жеткізілген.

«Атырауға Vero Cell вакцинасының тағы да 10 мың дозасы жеткізілді. Бұл дозалар өңірдегі барлық егу бекетіне таратылды. Осылайша, аймаққа жеткізілген Vero Cell вакцинасының жиынтығы 30 мың дозаны құрап отыр. Тұрғындар тарапынан бұл вакцинаны салдырушылар қатары арта түсті. Мәселен, 17-22 тамыз аралығында 1 700 атыраулық тұрғын қытайлық Sinopharm компаниясы шығарған вакцинаның I компонентін салдырды», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар