Атырауда бір жылда 1275 пәтер салынатын болды

РАУ. 10 ақпан. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырауда 2011 жылы жалпы аумағы 161 600 шаршы метр болатын 50 көппәтерлі үйдің құрылысы басталады, деп хабарлады қала әкімі Мереке Есмұратов.
None
None

Жоспарланып отырғандай, 26 үй ағымдағы жылы пайдаланауға берілмек. Бұл үйлердегі 1275 пәтер иесі қоныс тойларын атап өтеді. Қалған 24 пәтерді пайдалануға беру 2012 жылдың еншісіне қалдырылып отыр. Жалпы алғанда екі жыл ішінде 2683 адам баспаналы болмақ.

Әкімнің сөзіне қарағанда, бюджеттік ұйым қызметкерлері, қалаға жұмысқа шақырылған қызметкерлер, көп балалы отбасылар, сонымен қатар бұзуға жіберілетін апатты үйлердің тұрғындары алғашқылардың бірі болып, үй алады.

Соңғы жаңалықтар