Атырауда бизнесмен Айбат Сүлейменов депутаттық өкілеттігінен айырылды

Сессияда мәлімделгендей, А.Сүлейменов депутаттық өкілеттігінен сессияларға жүйелі түрде қатыспауы себебімен айырылды. Биыл ол себепсіз төрт сессияға қатыспаған.
Естеріңізге сала кетейік, А.Сүлейменов қаржы полициясы тексерістер жүргізіп отырған көптеген жобалардың бас мердігері болып табылатын «СнабОйл» ЖШС-нің директоры қызметін атқарады. «Нұр Отан» партиясының атыраулық филиалы активінің отырысында аймақтағы жемқорлық туралы әңгіме болғанда «СнабОйл» ЖШС-нің есімі ҚР Бас прокурорының баяндамасында аталған болатын.
Депутаттардың бірі өзінің әріптесін қорғамақшы болды. Бірақ сессияға қатысқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов: «Бұрын ол қадағалау тексерісінің алдында бірнеше сессияға қатыспады, яғни сіз оның жақтаушысысыз. Бәрі түсінікті болды. Республикалық бюджеттен бөлінген миллиардтаған қаражаттар заңсыз пайдаланылды. Жұмыстар сметасыз және құжаттарсыз жүргізілді. Енді төлемді қалай жүзеге асырамыз? Мен Президентке кірдім. Жақын үш жылда біздің қаржыландыруымызды қысқартады. Мен Мемлекет Басшысынан қаржыландыруды қысқартпауды сұрадым. Енді шешімді күтеміз», - деді.