20:32, 21 Шілде 2015 | GMT +5
Атырауда «бомба қойған» әйел 2 жылға сотталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда сотта жалған мәлімдеме жасаған әйел сотталды. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметінен хабарлады.
Еске сала кетейік, 6 мамырда Атырау облысының Жедел басқару орталығына Атырау қ. ІІБ ғимаратына жарылғыш заты қойылды деген хабар келіп түскен.
Аталған факті бойынша жұмысқа Атырау облысының күш құрылымдары тартылды. Алайда ғимараттан жарылғыш зат табылмады.
Тергеу кезінде жалған хабарды Атырау қаласының 27 жастағы тұрғыны Н.Мосунова айтқаны белгілі болды.
№2 Атырау қалалық соты Н.Мосунованы ҚР ҚК 237 бабына сәйкес айыпты деп танып, 2 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жалпы режімдегі түрмеде өтейді.
Кәмелет жасқа толмаған баласы 14 жасқа келгенге дейін жаза бес жылға шегерілді.