Атырауда борышкерлерден 16,5 млн теңге өндірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында борышкерлерден 16,5 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда борышкерлерден 16,5 млн теңге өндірілді

Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері үш күндік «Борышкер» жедел-алдын

алу іс-шарасын өткізген. Мақсат –борышкерлерді анықтап, құқық бұзушылар арасында

айыппұл төлеу туралы хабарламаларды тарату, сондай-ақ салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу.

«Үш күнде жүргізілген рейд кезінде мобильдік топтармен 53 автокөлік құралы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 785-бабымен (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары) мемлекеттік нөмірлер алынып, айыппұл тұрағына қойылды. Сондай-ақ, 37 борышкерге хабарлама табыс етілді. Үш күнде барлығы 16 млн 534 теңге айыппұл өндірілді. Оның ішінде 747 750 теңгесі Атырау қаласында ұсталған борышкерлерге тиесілі болып отыр», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.